Батысқазақстандық тағы бір спортшы Олимпиада жолдамасына қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық тағы бір спортшы Олимпиада жолдамасына қол жеткізді

Батысқазақстандық тағы бір спортшы Олимпиада жолдамасына қол жеткізді

Батысқазақстандық жеңіл атлет Григорий Шейко Лондон Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.

  • 24 Ақпан 2012
  • 345
Фото - Caravan.kz

Об­лыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекші маманы Әскербек Нұрлыхановтың айтуынша, Г.Шейко таяуда Адлерде өткен Ресейдің спорттық жүрістен ашық біріншілігінде 20 шақырым қашықтықта сәтті өнер көрсетіп, қажетті ұпайды жинады. Оны жеңіл атлетикадан облыс құрамасының аға бапкері Рустам Куватов жаттықтырады. Р.Куватовтың тағы бір шәкірті Виталий Аничкин, сондай-ақ садақшы қыз Анастасия Баннова мен ескекші Григорий Феклистов та олимпиада жолдамасынан үмітті.

Бұған дейін аталмыш лицензияны еркін күрес шеберлері Таймұраз Тигиев пен Абдулхаким Шапиев, ескекші Алексей Дергунов иеленген болатын.