Батысқазақстандық төрт боксшы алтын медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық төрт боксшы алтын медаль жеңіп алды

Батысқазақстандық төрт боксшы алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан бокс федерациясының президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін Оралда өткен халықаралық турнирде батысқазақстандық төрт боксшы алтын медальдарды жеңіп алды.

  • 26 Сәуiр 2012
  • 622
Фото - Caravan.kz

Турнирде жалпыкоман­да­лық есеп бойынша қазақстандықтар бас жүлдегер атанды. Оған батысқазақстандықтар айтар­лықтай үлес қосты. Алты бір­дей батысқазақстандық фи­налға шығып, төртеуі турнир­дің бас жүлдесін жеңіп алды. Жұртшылық финалдық бәсе­келердің ішінде 46 мен 75 ке­лі салмақтардағы айқастар­ға ерекше ден қойды. Жеңіл салмақта сынға түскен жас жерлесіміз Мейрамбе­к Мә­жи­тов Өзбекстанның жастар ара­сындағы чемпионы Хасанба­й Дусматовты қуып жүріп сабап, мұрнын қанатып тынды. Қазақ жігітінің арынынан қорықса керек, өзбек ұланы 3-раундқа шығудан бас тартты. Сөйтіп, Зеленов ауданы Достық ауылындағы бокс мектебінде шеберлігін шыңдап жүрген ол осымен екінші рет А.Құлыбаев жүлдесі турнирінің чемпионы атанды. Өңіріміздің мақтанышы, ел чемпионы Бауыржан Кәрімов Тәжікстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері Маруф Файзуллаевты соққының астына алып, 13:7 есебімен тізе бүктірді.

Өзбекстан құрамасы да барын салд­ы. 64 келіде рингке шыққан ха­лықаралық дәрежедегі спорт шебері Кобилжан Бобожанов оңтүстікқазақстандық Ғалым Құрманбайды ойсырата жеңіп, жерлесінің есесін қайтарды. Жалпы алғанда, Әндіжан қа­ласынан келген тоғыз былға­ры қолғап шебері өзбек елінің намысын абыроймен қорғап, қоржындарына жеті медаль салып, командалық есепте екінші орынға жайғасты.

Үшінші орын ресейліктер­дің еншісінде. Боксшыларды бастап келген РФ коман­дасының аға бапкері Валерий Коломатовтың айтуынша, бұл турнирге көрші елдің сегізінші нөмірлі боксшылар­ы келген. Сол себепт­і бұл орын оларды толық қанағат­тандырады.

Алыс шетелден Сирия құрамасы да қатысты. Боксқа енді ғана мән беріп ке­ле жатқан бұл елдің былға­ры қолғап шеберлері осал еместігін Астанада өт­кен халықаралық лицензия­лық турнирде көрсеткен болатын. Осынау дүбірлі доданың жартылай финалында Мохаммад Госсоун еліміздегі ең мықты боксшылардың бірі Васили­й Левитті жеңіп, күмістен алқа таққаны белгілі. Міне, сол Мо­хаммад Госсоун інісі Сомармен Оралға келді. Бұл ағайынды жігіттер рингтің көрігін қыздырды. Нәтижесін­де 91 келі салмақта М.Госсоун қарсыласының бәрін айқын басымдықпен жеңіп, бас жүлдегер атанды. Ал 91 келіден жоғары салмақта айқасқан оның ағасы қола жүлдегер деп танылды. Ал жеңіл салмақта (56 келі) рингке шыққан Усиман Салан екінші айналымнан әрі аса алмады. Бір қызығы, оларды қазақстандық бапкер Александр Кузовенков жаттықтырады. Екі-үш жылдан бері осы елде жүрген отандасымыздың арқасында сириялықтар біраз табысқа жеткен.

Облыс әкімдігі мен облыс­тық бокс федерациясы ұйымдастырған бұл турнирде же­ңімпаз деп танылғандар енді ұлттық құрама сапына іріктелетін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера