Батысқазақстандық түлектер ҰБТ-да орташа 87,48 балл жинады, бұл өткен жылғыдан жоғары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық түлектер ҰБТ-да орташа 87,48 балл жинады, бұл өткен жылғыдан жоғары

Батысқазақстандық түлектер ҰБТ-да орташа 87,48 балл жинады, бұл өткен жылғыдан жоғары

Батыс Қазақстан облысында биыл ҰБТ сынағына 5381 түлек қатысып, олар орташа 87,48 балл жинады.

  • 9 Маусым 2011
  • 409
Фото - Caravan.kz

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (86,57 балл) жоғары. Облыста «Алтын белгіден» 205 үміткер болса, соның 147-сі білімін қорғап шықты. Сондай-ақ ерекше аттестат алудан дәмелі 142 шәкірттен 72-сінің бағы жанды. Үш бірдей түлек ең жоғары 125 балл жинады. Олар — облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттан Арайлым Аронова мен Жанболат Жаулыбаев және «Үміт» лингвистикалық гимназиясының үмітін ақтаған Үміт Тасқалиева.

Аудандар арасында Бөрлі ауданы түлектері орташа 99 балл жинап, озық шықты. Сондай-ақ Бөкей ордасы (92,25 балл) мен Қаратөбе (91,65 балл) шәкірттері алдыңғы үштіктен көрінді.

Апелляциялық шағым қорытындысын есептемегенде, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат — 118,88, «Үміт» гимназиясы — 118,6, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенін бітірушілер орташа 116,56 балл жинап, облыста озық нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар