Жарияланды: 330

Батысқазақстандық тұрғын ескерту жасағаны үшін анасын өлтірді

28 қазан күні 20.30 сағатта облыстық ауруханаға жедел жәрдем көмегімен Орал қаласына қарасты Сарытау шағынауданынан 1950 жылы туған әйел ауыр халде жеткізілді.

Бірнеше дене жарақаттарын алған ол, біршама уақыттан кейін тілге келместен көз жұмды. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полицияның іздестіру тобы осы оқиғаға қатысты деген күдікпен марқұм әйелдің 41 жастағы баласын қамауға алды. Анасымен бірге тұрған ол маскүнемдікке салынған. Ескерту жасаған анасын ұлы бұл жолы аямаған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін