Бірнеше дене жарақаттарын алған ол, біршама уақыттан кейін тілге келместен көз жұмды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полицияның іздестіру тобы осы оқиғаға қатысты деген күдікпен марқұм әйелдің 41 жастағы баласын қамауға алды. Анасымен бірге тұрған ол маскүнемдікке салынған. Ескерту жасаған анасын ұлы бұл жолы аямаған.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.