Батысқазақстандық университетте дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық университетте дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтуде

Батысқазақстандық университетте дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтуде

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Денсаулық» спартакиадасы өтуде.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 342
Фото - Caravan.kz

Биыл 56-ыншы рет ұйымдастырылып отырған шараның ашылу рәсімінде университет проректоры Түймеш Дәрішева мұның мақсаты университет оқытушылары мен қызметкерлерін спорт түрлерімен айналысуға дағдыландыру, салауатты өмір салтын насихаттау, университеттегі ардагер ұстаздар мен жас мамандар арасын жақындатып, сабақтастық орнату екенін айтып өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиаданы ұйымдастыруға университеттің кәсіподақ ұжымы, «Ақжайық» спорт клубы, дене тәрбиесі кафедрасы белсене атсалысты. Жарысқа М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың барлық факультеттері, колледж және университет әкімшілігінен құралған командалар қатысты. Олар волейбол, шағын футбол, шахмат, дойбы, үстел теннисі, дартс, арқан тартыс ойындары бойынша сынға түсуде.

Апта аяғында университет ұжымы Жайық жағалауына шаңғымен серуендеуге шығуды жоспарлап отыр.