Батысқазақстандық жас дойбышы төртінші мәрте әлем чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық жас дойбышы төртінші мәрте әлем чемпионы атанды

Батысқазақстандық жас дойбышы төртінші мәрте әлем чемпионы атанды

Санкт-Петербор қаласында өткізілген дойбыдан әлем чемпионатында батысқазақстандық Алтынай Жұмагелдиева үздік өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2010
  • 613
Фото - Caravan.kz

Аталмыш біріншілікке әлемнің 21 елінен 204 спортшы қатысып, жас ерекшелігіне қарай 10, 13, 16 және 20 жасқа дейінгі төрт топқа бөлініп, күш сынасты. 16 жасқа дейінгілер арасында сынға түскен Орал қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (директоры Ерлан Қайырман) тәрбиеленушісі А.Жұмагелдиева ойынның классикалық түрінен алтыннан алқа тақты. Аталған мектептің тағы бір шәкірті, сегіз жасар Айна Қабдрахимова дойбының жылдам түрінен күміс медальға қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша өз тарихында тұңғыш рет екінші орынды иеленсе, оның сапында бес бірдей оралдық дойбышы өнер көрсетті. Аталған екеуінен басқа — Алмаз Сәдуақасов, Виктор Зайцев және Әлия Камалова.