Батысқазақстандық жастар 15 мың түп көшет отырғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық жастар 15 мың түп көшет отырғызды

Батысқазақстандық жастар 15 мың түп көшет отырғызды

Батыс Қазақстан облысында Тұңғыш Президенттің бастамасымен қолға алынған «Жасыл қала - жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасы аясында 15 мыңнан астам жас көшеттер отырғызылды.

  • 14 Сәуiр 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес, аймақта алдағы 2 ай бойы экологиялық айлық өткізу жоспарланған. Сенбілік барысында жаңадан жас көшеттер отырғызылып, облыс орталығы мен барлық аудандарда жасылдандыру шаралары қолға алынады. Бұл жолғы сенбілік аясында әуежайға шығар жол бойында 2 мың түп ағаш отырғызылды.

«Жайық өңірі республика бойынша экологиялық тұрғыдан ең таза аймақ болып саналады. Осынау жоғары атақты сақтап қалу үшін біз жыл сайын осындай шараларды көптеп өткізіп тұруымыз керек. Оған бізде мүмкіндік мол. Су ресурстары жеткілікті, мамандар бар, орман шаруашылықтары мен көшеттерді өсіруге арналған тәлімбақтар жасақталған. Сондықтан, мұндай шаралар бір күнмен шектелмей, жыл бойы жалғасын табуы тиіс» — дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев.

Сенбілікке Орал қаласынан келген 150-дей жас та өз үлестерін қосты. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошевтың айтуынша, мұндай шаралардың жас буынға берер тәрбиелік мәні орасан зор. 


«Жасалған жұмыстардың нетижесі бүгін-ертең білінбегенімен келешекте ну орманға айналып жайқалып тұрар ағаштар өңіріміздің экологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан, аймақтағы әрбір жас мұндай қайырымды істерден шет қалмақ емес»,- дейді Аян Сакошев. 

Биылғы көктем айларында өңірде жалпы саны 50 мыңдай ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бұл жолғы шарада негізінен қарағай, терек, шаған секілді ағаш көшеттері егілді. Облыс орталығында соңғы жылдары қарағай мен боз арша секілді ағаштар отырғызу да кең тарап келеді.

Соңғы жаңалықтар