Батысқазақстандық жеңіл атлеттер Алматыда өтетін ІІІ Жастар спорттық ойындарына дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық жеңіл атлеттер Алматыда өтетін ІІІ Жастар спорттық ойындарына дайындалуда

Батысқазақстандық жеңіл атлеттер Алматыда өтетін ІІІ Жастар спорттық ойындарына дайындалуда

Батысқазақстандық жеңіл атлеттер 15-17 мамырда Алматыда өтетін ІІІ Жастар спорттық ойындарына дайындалуда.

  • 12 Сәуiр 2013
  • 370
Фото - Caravan.kz

Осы жарыстың қарсаңында Алматы қаласында ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында найза лақтырудан, спорттық жүрістен және жартылай марафоннан ҚР қысқы біріншілігі өтіп, онда БҚО құрамасы 83 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.

БҚО аға бапкері Набек Жалетденовтің сөзіне қарағанда, батысқазақстандықтар үш алтын, бір күміс, екі қола медальді еншілеп қайтты. Әсіресе, 20 шақырымға спорттық жүрістен Лондон олимпиадасына қатысқан Григорий Шейко мен Виталий Аничкинге тең келер ешкім болған жоқ. Олар сәйкесінше 1-2 орынды иеленді. 20 шақырымда әйелдер арасында батысқазақстандық Полина Репина мәреге бірінші болып келсе, үшінші алтын медальді найзаны 42 м 32 см-ға лақтырған Гүлзада Хабиева (бапкері Қанат Рахметов) әккелді. Қыздар арасында 3 мың метрге спорттық жүрістен Яна Чупракова мен 5 мың метрге жүгіруден Наталья Бартель қола жүлдеге қол жеткізді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера