Жарияланды: 400

Батысқазақстандықтар «Ел іші - өнер кеніші» республикалық байқауынан абыроймен оралды

Астана қаласында өткен «Ел іші - өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауынан батысқазақстандықтар абыроймен оралды.

Облыстық мәдениет басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, байқауға өңірден «Ақжайық» халықтық би ансамблі (жетекшісі Әсел Дәулетова) Қаратөбе ауданының «Керім-ай» халықтық би ансамблі (жетекшісі Қарлығаш Қадырбекова), Ақжайық ауданының үлгілі «Сымбат» би ансамблі (жетекшісі Ләззат Құбаева) және жекелеген әншілер - бөрлілік Қарлығаш Мұхитова, Зеленов ауданынан Асхат Қажығалиев, Қаратөбе ауданынан термеші Нұршат Ислямғалиев, қолөнер саласы бойынша Тасқала ауданынан Бақытжан Мауленов пен Данияр Ізбасаров қатынасып қайтты. Елорданың Конгресс-холында өткізілген байқаудың гала концертін 14 облыстың ішінен Батыс Қазақстан облысының бірлескен халық би ансамбльдері «Мереке» атты хореографиялық композициямен ашты. «Конгресс-холдағы» 1300 көрермен облыстардан келген өнер ұжымдарын дауыс беріп бағалады. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысының өнер ұжымдары ең көп дауыс жинады. Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырхановқа арнайы белгі мен диплом табыс етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін