Байрақты бәсекеде Орал қаласының жекпе-жек спорт мектебінен 4 спортшы бағын сынаған болатын. Әлемнің 63 мемлекетінен 2500 спортшы келген бұл дүбірлі додада Влада Подмарева (63 келі), Әлихан Ақжолов (30 келі) қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ батысқазақстандықтар Данил Титов және Максим Кисель жақсы өнер көрсетті.
Әлихан Ақжолов әлем чемпионатының алдында өз салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдері арасында өткен «Astana Open» 3-ші халықаралық турнирінің күміс жүлдегері болған еді.