Батысқазақстандықтардың электр қуаты үшін бережағы 169,2 млн. теңгеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандықтардың электр қуаты үшін бережағы 169,2 млн. теңгеге жетті

Батысқазақстандықтардың электр қуаты үшін бережағы 169,2 млн. теңгеге жетті

Батыс Қазақстан облысын электр жарығымен қамтып отырған «Ақжайықэнергосауда» ЖШС тұтынушыларының беражағы 1 мамырдағы жағдай бойынша 169,2 млн. теңгеге жеткен.

  • 23 Маусым 2011
  • 356
Фото - Caravan.kz

Көрсетілген соманың 54,8 млн. теңгесі тұрғындардың еншісінде. Қалғаны, яғни 114,4 млн. теңге заңды тұлғалар үлесінде екен. Заңды тұлғалар ішінде бюджеттік мекемелердің қарызы аталмыш кезең ішінде 33,5 млн. теңгені құраса, қазір ол сома 10,6 млн. теңге дейін азайған.

Өңірдегі коммуналдық кәсіпорындар арасында жарыққа бережағы көп кәсіпорындар бар. Солардың бірі — облыс орталығын сумен қамтып отырған «Орал су арнасы» МКК. Оның қарызы — 6,6 млн. теңге. Қазіргі уақытта әупірімдеп күн кешіп жатқан бұл кәсіпорынның жуық арада қарызынан құтылуы екіталай. 2,4 млн. теңге қарызды арқалаған Бөрлі ауданының орталығына жылу беріп тұрған «Ақсайжылуқуат» кәсіпорынның да жағдайы осыған ұқсас.

-Дебиторлық берешекті өндіру мақсатында біз екі бағытта жұмыстанудамыз. Алғашқысы, сот органдары арқылы өндіру. Жыл басынан бастап сотқа 1872 мың теңгені өндіру бағытында талап арыздар берілді. Екіншісі, абоненттерді қуат көздерінен айыру. Үстіміздегі жылдың төрт айы ішінде 137,9 млн. теңге қарызы бар 2747 мекеме қуат көзінен айыруға жатады деп шешілді. Алайда көп кешікпей олардың көпшілігі өз бережақтарынан құтылды. Ағымдағы жыл ішінде пайдаланылған электр қуаты үшін біраздан бері төлемеген жеке тұлғаларға 12 мыңдай ескерту берілді. Ескертуге пысқырып та қарамаған үш мыңнан аса абонентті жарық көзінен айырдық, — дейді «Ақжайықэнергосауда» ЖШС-ның директоры Лариса Ершова.

Соңғы жаңалықтар