«Батыс-Солтүстік-Орталық» газ құбырының құрылысы Солтүстік Қазақстанда 360 елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік береді
«Батыс-Солтүстік-Орталық» газ құбырының құрылысы Солтүстік Қазақстан облысының 360 елді мекенін газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп мәлім етті «Мекенсақ» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры Ерік Аязбаев. |
«Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральді газ құбырының жобасы Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы және Астанадағы елді мекендерді газдандыруға мүмкіндік береді… СҚО-да 2015-2030жылдары 445 мың адам тұратын 360 елді мекенге газ тарту көзделген», - деп хабарладыЕ. Аязбаевбейсенбі күні Петропавлда қоғамдық тыңдау барысында.
Ол Көкшетауға, Петропавл мен Қарағандыға құбыр салу газ құбырының бойындағы елді мекендерге газ жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты.
«СҚО-да газ таратушы желілерді дамытуға 145,8 млрд теңге салу жоспарланған», - деді Е. Аязбаев.
Ол болашақ газ құбыры өтетін жолдың ұсынылған 5 нұсқасының ішінен Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана-Қарағанды трассасына тоқтау туралы шешім қабылданды. Бірінші кезекті 2012-2013 жылдары іске қосу жоспарланған.
Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2040 жылы 3,2 млн адам көгілдір отынның қызығын көретін болады, деп мәлім етті бас директор.
«Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральді газ құбырының жобасын «Қазақтың мұнай және газ институты» АҚ үкіметтің 2010-2014 жылдарға арналған мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі бағдарламасының аясында әзірледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін