"Батысты су шайып біткенше, Бишімбаевтың онлайн сотын тамашалайық" - Еркебұлан Дайыров - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Батысты су шайып біткенше, Бишімбаевтың онлайн сотын тамашалайық" - Еркебұлан Дайыров

"Батысты су шайып біткенше, Бишімбаевтың онлайн сотын тамашалайық" - Еркебұлан Дайыров

Актер Еркебұлан Дайыров елде болып жатқан келеңсіз оқиғаларға байланысты өз пікірін білдірді.

  • 2 Сәуiр
  • 69
Азаттық рухы

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз.
Бұрын мектепте, сыныптың ремонтына болса, кейін ауылға спорт кешенін салуға, одан қалса ауылдан шыққан ардақты ақындармен, батырлардың тойына.
Әзір міне Аллаға шүкір, ауыл-аймақтан көтеріліп, мемілекеттік деңгейдегі іс-шараларға, яғни табиғи апаттармен т.б толып жатқан жағдаяттарға ат салысатын болдық. Кейде маған біздің халық, апанында жатып алып, өз жарасын өзі жалап жазатын, арып-ашыған КӨКБӨРІНІ елестетеді. Қасиетіңнен, кең жүрегіңнен айналайын, қайран халқым, қадіріңе жете алмай жатырау…
Ал үкіметше? Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ. Заңның түрі анау, мәдениет онсызда түсінікті. Амалсыз өткендегі мақал қайта оралды ойыма, “Иттің иесі болса, Бөрінің тәңірісі бар” деген. Бәрі бір Аллаға аманат!
Бұл запыранымада уақыт бөліп оқындарыңызға рахмет!
Батысты су шайып біткенше, Бишембаевтың онлайын сотын тамашалайық», — деп жазды актер Еркебұлан Дайыров.