Онда зілзаладан зардап шеккен жергілікті жұрт құтқарушыларға "бауырларымызға рахмет, Алла разы болсын" деген жылы тілектерін жаудырып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Аталған видео Instagram желісіндегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Бейнежазбадан: "Қазақстанға барлығы үшін рахмет, көп рахмет" деген бауырлас түрік ағайындардың алғысын көруге болады.
Сол сияқты дәл осы видеода тағы бір ер адам ел құтқарушыларына алғысын жаудырып жатқан сәтін анық көруге болады.
"Қазақ бауырларымызға, қазақ халқына көптен-көп рахмет. Құтқарушылар да келді, көмек те келді. Алла разы болсын сіздерге" деп ақ тілегін жаудырды олар.
Желі қолданушылары түрік ағайындардың жылы лебізіне алғыс айтып, қазақ халқы қиын-қыстау кезеңде қашан да жандарынан табылатындарын жеткізген.
«Алла сіздерге сабыр берсін», «Біз әрдайым біргеміз», «Сіздер, бауырлас түрік халқы өте мықты халықсыздар, Алла сынақты тек күштілерге береді, осы сынақтан да сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз», «Мерт болғандардың жаны жәннатта болсын, ағайын түрік халқы, біз біргеміз» деп жазды олар.
Айта кетейік, ақпанның 6-сы күні Түркияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында жойқын жер сілкінісі болып, соңғы мәліметтер бойынша 18 мыңнан астам қаза тауып, 72 мыңнан астам адам жарақат алған еді.
Жер асты дүмпулері түрік провинцияларында әлі де жалғасуда.