Бауыржан Байбек Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылу салтанатына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бауыржан Байбек Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылу салтанатына қатысты

Бауыржан Байбек Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылу салтанатына қатысты

Бүгін Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қалқаман-2 ықшамауданында химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.

  • 11 Тамыз 2015
  • 1278
Фото - Caravan.kz

Бұл — көлемі жағынан еліміз бойынша ең үлкен мектеп.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» lербес білім беру ұйымдары басқармасының төрайымы Күләш  Шәмшиддинова, белгілі ғалымдар, саясат және қоғам қайраткерлері, педагогтер, оқушылар және ата-аналар қауымы қатысты.

«Құрметтті оқушылар, қадірлі ата-аналар! Мен сіздерді Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген жақсы сөз бар. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарынан бастап, білім саласына үлкен мән берді. «Болашақ» бағдарламасын құрды. Сол бағдарлама бүгінде өз жемісін беруде. Сондықтан, Елбасымыз секілді ештеңеден қорықпау керек. Адамның қолынан көп нәрсе келеді. Ең бастысы, шын ниет, ынта-ықылас, білім және жігер қажет. Естеріңізде болсын, білім — бұл жақсы. Бірақ, тәрбиесіз ол нәтиже бермейді. Яғни, Отанын шын сүйген патриотты, мәдениетті, тәрбиелі және білімді азамат болыңыздар. Елбасының саясатын әрі қарай жалғастыратын сіздерсіздер», — деді өз сөзінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетелік, республикамызда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ашылуы Елбасының бастамасымен «20 Зияткерлік мектеп» атты мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылып келеді. Алғашқы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылы Астана қаласында ашылған болатын. Қазіргі таңда елімізде 18 мектеп жұмыс істейді. Ал, бүгінгі — 19-шы мектеп, яғни Алматы қаласындағы химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебі 960 оқушыға арналып салынған. 9 блоктан тұратын мектепте соңғы үлгідегі мектеп жабдықтарымен жабдықталған 70 оқу сыныбы мен 25 зертхана орналасқан. Дәстүрлі оқу қабинеттері мен зертханалардан басқа, интеграция, техникалық үлгілеу, нано және биотехнологиялар, робототехника, жеке жұмыс жүргізу және психологиялық жеңілдену кабинеттері бар. Физика, химия, биология пәндерінің кеңейтілген зертханалары халықаралық  заманауи талаптарға сәйкес жасалған. Ал мектеп телестудиясы оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. 

Бұл мектептің басқа зияткерлік мектептерден тағы бір айырмашылығы — мұнда әртүрлі бағыттағы техникалық үйірмелер жүргізілетін  технотория зертханалары бар. Мектеп орналасқан  ауданда тұратын  оқушылар аталған үйірмелерге келіп қатысуларына болады.


Мектеп жаңа компьютерлік жүйелермен, оқушыларға тиімді білім берумен қатар, мұғалімге де оқу үрдісін тиімді басқаруға қажетті заманауи компьютерлік техникалар, интерактивті электронды тақталар, жоғары жылдамдықты интернет, инновациялық бағдарламалардың құралдары қойылған  мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған.  

234567891011121314 
Соңғы жаңалықтар