Әлемдік біріншілікке дүние жүзінің 17 елінен 650-ден астам каратэші қатысқан болатын. Жарысты Шихан Люк Холландер төрағалық ететін Дүниежүзілік киокушинкай федерациясы (Kyokushin World Federation) өткізді.
Ерлер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз бес кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Оның екеуінде айқын басымдықпен ұтты. Бауыржан — аталмыш додада Қазақстан құрамасы үшін жүлде ұтқан жалғыз спортшы болды. Оның алтын медалі Жапония мен Ресей елдерінен кейін Қазақстанға жалпыкомандалық есептегі үшінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Спортшыны Атырау облысының бас жаттықтырушысы Нұржан Кенжеболатов баптап шығарған. Бұның алдында Б.Күмісқалиев өзге де халықаралық жарыстарда да алдына жан салмаған. Тіпті Еуропа біріншілігінде үздік атанғаны есімізде.