Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Ол кісі өмірден озғанда мен екі жасар бала едім. Осы бала кейін оның атынан Қасиетті Меккеге келетінін, ол кісі білмегенде шығар.
Қазақтың бір туар азаматы, батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың атынан Ұмра қажылығын жасадым.
(Бұндайды дінімізде “Бәдәл” дейді яғни басқа адамның атынан қажылық немесе ұмра жасалады)
Белсенділер алаштықтарды құртып Қазақтың түбіне жеттік дегенде Алла Тағала Бауыржан атамыз сияқты ұлдарды сақтаған, олар елдің рухын көтерген.
Атамызды Аллаһ Мейіріміне бөлеп, жәннатын нәсіп етсін.
Қажылық сіздерге де нәсіп болсын, бауырлар", деді Ардақ Назаров