Бауыржан Момышұлының құшағындағы танымал әнші кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бауыржан Момышұлының құшағындағы танымал әнші кім?

Бауыржан Момышұлының құшағындағы танымал әнші кім?

Көнерген фотосурет қолымызға кездейсоқ келіп түсті. Уақыт сыны сарғайтып, тозығы жеткен фотосуреттегі жүзінен мейірім шуағы төгілген батыр Бауыржан Момышұлын бар қазақ жазбай танитыны түсінікті. Ал Баукең елжіреп, құшағына басқан балдырған кім?

  • 3 Маусым 2022
  • 7370
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Oinet.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Суретті жұрт көзінен жасыра тұрып, біледі-ау дегендерден сұрау салғанбыз. Сонымен бала күнінде Бауыржан Момышұлымен фо­тоға түскен, бүгінде елге таны­мал өнер иесіне айналған – Толқын Забирова. Батырдың шаңы­ра­ғында түсірілген осы фососурет – ол үшін аса қымбат һәм қадірлі бұйым­дардың бірі.

Бойтұмардай сақтап жүрген қастерлі дүние. Үлкейтіліп, әдемі фотожиекке са­лынған фотосурет қазір Толқын Забированың шаңырағының тө­рінде ілулі тұр. Толқын Забирова: «Сол кездер есіме түссе, көзіме жас келеді. Ол кездегі адамдардың шына­йы көңіліне, бір-біріне деген ықы­­лас-пейіліне таңғаламын. Әжем­нің Баукеңе арнаған өлеңін үйде ұмытып кеткенін менен кө­ріп, ұрысқан сәтін сағынамын. Бауыржан атамыздың қаталдығы, сұсты адам екендігі туралы көп айтылады. Бірақ мен үшін жұмсақ мінезді, мейірімді адам сияқты. Бұл фотосурет мен үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін де ыстық деп ойлаймын», деді.