Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі бостандыққа шықты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі бостандыққа шықты (ВИДЕО)

Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі бостандыққа шықты (ВИДЕО)

Бүгін түскі уақытта Баян Мақсатқызының бұрынғы жары еркіндік ауасын жұтуға мүмкіндік алды.

  • 29 Шiлде 2022
  • 13622
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босату туралы шешім 12 шілдеде қабылданған. Ал бүгін ЛА 155/8 түзеу мекемесінің бұрынғы тұтқынын туыстары, достары қарсы алды, бірақ олардың арасында Бақытбектің туған қыздары төбе көрсетпеді.

"Міне, ағам босатылды. Алла бұйыртса енді бұл жерге қайтып келмейік. Бүгін бізде мереке. Біз тойлаймыз – деді",- Нағима ЕСЕНТАЕВА.

Бақытбек ЕСЕНТАЕВ колония қақпасындағы туыстарымен тілдесуге құлшынбады. Үстіне қара түсті жейде киініп, қара көзілдірік киген ол элиталық жол талғамайтын көлікке мініп, оқиға орнынан кетуге асықты.

Желі қолданушылары: "Жақсыыы ғой түрі жылы","Енді ол жерге бармасын","Баян қорқатын шығар","Жап-жақсы кісі","Енді үйленетін шығар","Бақытты болсын",- деп жазды.

 

Соңғы жаңалықтар