Баян Есентаева «Ғашық жүректі» сериалға айналдырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаева «Ғашық жүректі» сериалға айналдырмақ

Баян Есентаева «Ғашық жүректі» сериалға айналдырмақ

«Ғашық жүрек» және «Ғашық жүрек - 2» фильмдерінің продюсері Баян Есентаева «Ғашық жүрек» атты сериал түсіруге кіріскенін мәлімдеді.

  • 14 Мамыр 2012
  • 963
Фото - Caravan.kz

«Махаббат бекеті» — өте сирек түсірілетін және сәтті шыққан романтикалық фильм, осы дүниенің жалғасын түсіру ойларыңызда жоқ па?»,-деген оқырман сұрағына Баян ханым: «Жоқ, аталған фильмнің жалғасы түсірілмейді. Есесіне, «Ғашық жүрек» фильмі сериалға айналады» деп жауап берді.

Ал, оқырмандардың «Ғашық жүрек — 3» шықса, көрермендерді жалықтырып жібермей ме?» деген сауалға ол: «Ниеттес болғандарыңызға рахмет. Ал «Ғашық жүрекке» келетін болсақ, ол үшінші бөлім емес, сериал болады. Және ол өте қызық болатынына уәде беремін»,-деп қадап айтты.

Мақала «Алматы ақшамы» газетінің 12 мамыр күні шыққан санында жарияланды.

Перейти к новостям спорта