Баян Есентаева «Муз-ТВ-ның» Бас директорына келесі жылы мұқият болуға кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаева «Муз-ТВ-ның» Бас директорына келесі жылы мұқият болуға кеңес берді

Баян Есентаева «Муз-ТВ-ның» Бас директорына келесі жылы мұқият болуға кеңес берді

Продюсер Баян Есентаева «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Муз-ТВ» телеарнасының Бас директоры

  • 8 Маусым 2015
  • 416
Фото - Caravan.kz


Арман Дәулетяровтың оған «жақсы ән тыңдасын» деген жауабына қатысты өз пікірін білдірді. 

«Арман Дәулетяров баспасөз мәслихатында маған «жақсы ән тыңдасын» деп кеңес біріпті. Рахмет, Арман. Тамаша кеңес, бірақ сәл кешігіп жеткені болмаса. Мен музыканттар отбасында дүниеге келгенмін. Мен қандай әндерді тыңдап өсті деп ойлайсыз? Ес білгелі жата жастана тыңдаған әншілерімді тізіп көрейін: Стиви Уандер, Уитни Хьюстон, Билли Холидэй, Дайана Росс, Элтон Джон, Майкл Джексон, бұл мен тәулік бойы жалықпай тыңдаған әншілерімнің бір парасы ғана. Оның барлығы бекер емес деп те ойлаймын, оны менің жетекшілігіммен шығып жүргендердің шығармашылығынан байқауға болар. Бірақ сіз оны қайдан білесіз? Жақында ғана сіздің бір сұхбатыңыздан бізден тек Л дуэетін ғана блетініңізді оқыдым. Өкінішті-ақ. Мен сізге біздің әншілердің шығармашылықтарымен жан-жақты танысыңыз деген кеңес бергім келеді. Олардың ішінде кәсібилері де, таланттылары да бар. Мен сізге сәттілік тілеймін. Биылғы кеткен кемшіліктерді ескеріп, келесі жылы барлығын жан-жақты ойластырасыз деп ойлаймын. Оқырмандарыма айтарым, бұл жазбамды арандату деп қабылдамаңыздар. Мен, Арманды және оның еңбегін сыйлаймын. Барлығыңызға жақсылық пен бейбітшілік болсын!» деп жазған Баян Есентаева. 

Перейти к новостям спорта