Баян Есентаева пластикалық ота жасатпақ па? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаева пластикалық ота жасатпақ па?

Баян Есентаева пластикалық ота жасатпақ па?

Танымал продюсер Баян Есентаева Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына пластикалық дәрігермен түскен суретін жариялады.  О

  • 23 Тамыз 2016
  • 6857
Фото - Caravan.kz

Танымал продюсер Баян Есентаева Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына пластикалық дәрігермен түскен суретін жариялады. 

Ол жерде продюсер: "Сіздерді Қазақстандағы ең мықты пластикалық хирургпен таныстырғым келеді!!! Жоғары дәрежелі маманның қолына түссеңіз, еш алаңдамауға болады!" — деп жазба қалдырған. 

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.