Жуырда Баян Есентаева мен Нұртас Адамбаев туралы сұрақ тестіге енгізілген болатын. Осы жағдай жұртты шулатып, танымалдарға қатысты түрлі жағымсыз пікір айтылды. Көпшілік олардың қазақстандық балалар үшін ешқандай да үлгі еместігін тілге тиек етті. Осы жағдайға қатысты бірнеше сағат бұрын Баян Есентаева өз пікірін білдірді.
«Мен туралы сұрақтың мемлекеттік экзамендерге енгізілуі туралы жайт мені аса қызықтырмайды. Бірақ бұл жерге менің кәсіби жетістіктерім мен жеке өмірімнің не қатысы бар екенін түсінбедім. Сайраш Жиенбаева, менің дәл сіз секілді ажырасып, қайта тұрмысқа шығуға толықтай құқығым бар. Сіз үшін жеке өміріңізді халықтың талқылауы – етіңіз үйренген жағдай болуы мүмкін. Ал менің бұл нәрсеге көзқарасым тым бөлек. Маған танымалдылық кәсіби еңбегімнің арқасында келді. Асқан танымалдылығым үшін кешірім сұраймын. Бәлкім мен продюсерлік еткен Күләш Байсейітова телехикаясы туралы да айтпай-ақ қойғаныңыз жөн шығар.
Ол да Бибігүл Төлегенова және т.б. танымалдар секілді ажырасып, қайта тұрмысқа шыққан болатын. Барлығы әп-сәтте-ақ ұмтылып, адамдар тасын атуға дайын тұрады. Менің сізге қояр сауалым бар. Тюрквижн байқауында Қазақстанның жалауын сіз көтердіңіз бе? Жанар Дұғалова менің қалауым мен еңбегімнің арқасында жеңіске жеткен болатын. Мүмкін студентіңіз Кәмшат Жолдыбаева мен басқа шәкірттеріме шығармашылыққа жолды сіз салып берген шығарсыз?! «Тракторшының махаббаты», «Махаббатым жүрегімде» және т.б. телехикаяларға сіз продюсерлік еткен шығарсыз? Халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, тарихын құрметтеуге шақыратын «Қазақ Аруы» байқауын жыл сайын сіз өткізіп жатқан шығарсыз? Маған экзамен сұрақтарының арасында сіздің аты-жөніңіздің не себепті жоқ екені қызық болып тұр.
Жұмысыңыз айтуға тұрмайтын болған соң менің тегім арқылы танылғыңыз келген шығар? Қолыңыздан келді! Мен сізден кәсіби этиканы сақтауды сұраймын және өзіңізге еш қатысы жоқ біреудің жеке өміріне қол сұғудың қажеті жоқ. Менің жеке өмірімнің күл-талқаны шықты деп айтқаныңыз профессорге жараспайды емес пе?! Керісінше менің отбасылық өмірім енді дұрысталды. Енді еселенген күш-қуатымның арқасында Отаным үшін игі істер жасайтын боламын. Бұл туралы мүлдем ойланбаған да сияқтысыз. Мен өз тарапымнан сізге отбасылық бақыт тілеймін. Жеке өміріңіз дұрысталған кезде, менің өміріме қызықпайтын боласыз», – дейді Баян Есентаева.