Продюсер Баян Мақсатқызының қызы Айсәуленің «Мен ессізбін, бірақ саған бұл ұнайды» деген жазбасы бар суреті әлеуметтік желіні шулатып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Baq.kz.
Бір көргенде, қара костюм-шалбар киген қыз, артық-тыртық ештеңесі жоқ деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ костюмнің ішіне тереңірек үңілсеңіз…
kaz.365info.kz-тің ақпаратынша, Айсәуле бұл фотосессияға Алматыдағы брендті бутиктердің бірінің киім үлгісін жарнамалау үшін түскен көрінеді. Бірақ сырттай сымбатты көрінген костюмнің шырқын оның жалаңаш дегене киілгені бұзғандай. Және кімнің кигені? Отбасылық шуы басылып үлгермеген Баян Мақсатқызы мен Бақытбек Есентаевтың қызы Айсәуленің кигені.
Ол аздай, Айсәуле суретін Инстаграмдағы парақшасына жүктеп, астына: «І’m crazy but u like it («Мен ессізбін, бірақ саған бұл ұнайды» — ред.)», — деп жазып қойған.
Қазірде бұл суретті 23 мыңға жуық желі пайдаланушысы ұнатып, 500-ге тарта пікір қалдырған. Арасында мақтағаны да, даттағаны да бар.