Баян Есентаеваның сіңлісі оның оралатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаеваның сіңлісі оның оралатынын айтты

Баян Есентаеваның сіңлісі оның оралатынын айтты

Күйеуі ұрып-соғып, пышақтаған продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаева қайтадан өз жұмысына оралады. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында оның сіңлісі жазды.

  • 7 Шiлде 2016
  • 1077
Фото - Caravan.kz

"Өмірде түрлі жағдай болады. Бірақ ол жалғаса береді, тоқтауға болмайды! Сондықтан таяуда keshyou_official-дан (КешYOU тобынан — Авт.) жаңа трек және ол менің миымда дайын тұр, дайын тұрса, таяуда жаңа видео! @bayanyessentayeva_ маған "Тоқтама, жұмыс істе, мен таяуда қосыламын!" Қысқасы, бар жақсылық алда!", — деп жазды Бағым Мұхитденова. 

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі — Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.


 20 маусымда Баян Есентаева ауруханадан шығарылған еді.