Баян Мақсатқызы күйеуі Бақытбек Есентаевқа кешірім берсе де, айыпталушы жазадан құтылмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Мақсатқызы күйеуі Бақытбек Есентаевқа кешірім берсе де, айыпталушы жазадан құтылмайды

Баян Мақсатқызы күйеуі Бақытбек Есентаевқа кешірім берсе де, айыпталушы жазадан құтылмайды

Баян Мақсатқызының күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату туралы өтініші осы іс бойынша өтетін басты сот отырысында қаралады және айыпталушыға жаза белгілеу кезінде есепке алынады.

  • 20 Қазан 2016
  • 1581
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталына Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі жетекшісі Айнаш Рахымбаева хабарлады.

"Сондай-ақ, Бақытбек Есентаевқа тағылып отырған айып ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі — 99-бабының 2-бөлігі 10-тармағы, яғни — зорлау мен зорлық әрекеттермен ұласқан кісі өлтіруге әрекеттену ҚР ҚК-ның 68-бабының негізінде татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Себебі аталған бап аса ауыр қылмыс түріне жатады", — деп хабарлады Алматы облыстық баспасөз қызметі.

Бақытбек Есентаевқа тағылып отырған қалған қылмыстар — зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері ауырлығы бойынша орта деңгейдегі қылмыс. Сондықтан іс айыптаудың осы екі бөлігінде ғана тоқтатылуы мүмкін.


Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған.

Ал 19 қазанда өткен сот отырысында Баян Мақсатқызы күйеуіне кешірім берді.