Баян Мақсатқызы не себепті дүркіретіп той жасамағандарын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Мақсатқызы не себепті дүркіретіп той жасамағандарын түсіндірді

Баян Мақсатқызы не себепті дүркіретіп той жасамағандарын түсіндірді

Өткен аптада продюсер Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шығып, ресми түрде Алагөзова атанған еді. Алайда бұған дейін 1000 адамға дүркіретіп той жасаймыз деген жұп жақындарының ортасында некелерін ғана қиған еді. Мақсатқызы не себепті дүркіретіп той жасамағанын түсіндірді.

  • 11 Желтоқсан 2017
  • 3396
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Отырар” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Біз бұрыннан таныспыз, бірақ бір жылдай бұрын кездесе бастадық. Оны күн сайын жаңа қырынан танып келе жатырмын, мен үшін ол нағыз ер адамның үлгісі. Адамды ешқашан толықтай тану мүмкін емес, ол әртүрлі бола алады. Менің күйеуім де сондай. Бақытты болғанымызды қалаймын. Қазір Турсен де, мен де бақытымыз үшін бәрін жасап жатырмыз”, – деді Баян Алагөзова.

Бұдан кейін продюсер не себепті дүркіретіп той жасамағандарын түсіндірді.


“Қазір жұмысымыз көп, той біз үшін бірінші орында емес. Оның да жұмысы көп, менің де түсірілімдерім жеткілікті. Той туралы ойланып жатырмыз, әрине. Бірақ нақты емес. Бір айдан кейін шетелге ұшамыз, той мәселесін сол жақта шешеміз деп ойлаймын. Мүмкін шетелде өткізе салармыз”, – деп түсіндірді Баян Мақсатқызы Алагөзова.

Соңғы жаңалықтар