Баян Мақсатқызы жан сырымен бөліскен кітап жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Мақсатқызы жан сырымен бөліскен кітап жазды

Баян Мақсатқызы жан сырымен бөліскен кітап жазды

Белгілі қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актриса Баян Мақсатқызы мемуарлар жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

  • 30 Қараша 2016
  • 664
Фото - Caravan.kz

Белгілі қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актриса Баян Мақсатқызы мемуарлар жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол кезде мені не күтіп тұрғанын мүлде білмедім. Ақкөңіл, пәк әрі мейірімді қыз Баян. Қазір кім болдың? Қандай сындардан өттің, не білесің, қолыңнан не келеді, не туралы ойлайсың? Көп нәрсемен бөліскім келді. Жуырда кітап жарыққа шығады. Менің сіздерге айтарым бар…" — деп жазыпты продюсер Instagram парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Баян Мақсатқызының күйеуі тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен. Оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Ол кезде Талғар аудандық ІІБ Бақытбек Есентаевты қамауға алып, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалған еді.