Баянауыл табиғи саябағында 195 гектар аумақта өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баянауыл табиғи саябағында 195 гектар аумақта өрт шықты

Баянауыл табиғи саябағында 195 гектар аумақта өрт шықты

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Баянауыл ұлттық табиғи саябағында 195 гектар аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 531
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 3 қарашада сағат 13.30-да Павлодар облысы Баянауыл ауданы Долбы орман шаруашылығында, Баянауыл ұлттық табиғи саябағында 195 гектар аумақта өрт шықты. Соның ішінде 80 гектар орман массиві өртенді.

Өрт 4 қарашада сағат 09.50-де сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Өртті сөндіруге 89 адам мен 15 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар