Баянауылдағы «Жұлдызды Жасыбай» фестивалінде «Дос-Мұқасан» ансамблінің әндері шырқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баянауылдағы «Жұлдызды Жасыбай» фестивалінде «Дос-Мұқасан» ансамблінің әндері шырқалады

Баянауылдағы «Жұлдызды Жасыбай» фестивалінде «Дос-Мұқасан» ансамблінің әндері шырқалады

«Жұлдызды Жасыбай» екінші фестивалі шілде айында Баянауыл ауданында, Жасыбай таулы өзенінің жағалауында өтеді.

  • 28 Мамыр 2012
  • 561
Фото - Caravan.kz

«Үш күнге жалғасатын фестиваль демалып жатқандар мен туристер үшін ұмытылмастай болады»,- деп атап өтті өткен аптада ауданда болып, мерекеге дайындық барысын талқылаған Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын.

Ретро-фестивальдің ашылуында көрермендер аңызға айналған қазақстандық ансамбль «Дос-Мұқасанның» әндерін тыңдайды.

Келесі күні танымал кинорежиссер Шәкен Аймановқа арналған «Шәкен жұлдыздары» мерекесі өтеді. Оған шетелдік және ұлттық кино жұлдыздары шақырылды, қазақтың көрнекті әртісі Асанәлі Әшімовтың келуі күтілуде.

Жасыбай жағалауындағы үшінші күннің кеші де ерекше көңілді болады — қазақ тілінде «Көңілді және тапқырлар клубының» ойындары өтеді.

Перейти к новостям спорта