Базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруіне байланысты қосымша құжаттарды тапсыру қажет емес - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруіне байланысты қосымша құжаттарды тапсыру қажет емес

Базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруіне байланысты қосымша құжаттарды тапсыру қажет емес

Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібінің өзгеруіне байланысты қосымша құжаттарды тапсыру қажет болмайды.

  • 6 Тамыз 2015
  • 369
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде вице-министр Светлана Жақыпова мәлім етті. 

«Бұл тұрғыда қосымша құжаттар бойынша қарттарымыз алаңдамауы тиіс. Атап айтқанда, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа ешқандайда қосымша құжаттарды тапсыру керек емес. Осы бағыттағы барша жұмыстар мәліметтердің орталықтандырылған базасынан жүргізіледі», — деді министрдің орынбасары. 
Оның сөзіне қарағанда, аталған орталықта барлық қазақстандықтардың еңбек өтілі бойынша толық ақпарат жинақталған. 
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту; жұмыс берушінің қосымша 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу; күш құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру толық мемлекеттік қамсыздандыруға ауыстыру секілді нормаларды қамтып отыр.

Соңғы жаңалықтар