Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазып, видеосын жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Өзін Салида деп таныстырған әйел күйеуі Серікпен бірге айтыскер ақынға сеніп, 4,5 миллион теңгені қолына ұстатып, ақша да, базардағы орын да қолдарына түспеген.
«4 жыл бұрын біз Балғынбек Имашевпен көрші болып, Астанада тұрдық. Ол кісі абыройлы, елдің алдында жүрген адам ғой деп сендік. Көрші үйде тұратын еді, көріп тұратын едік. Базардан 4 орын алсаң, біреуі тегін беріледі деді. 4 орын алғанбыз, ешқандай базар болмады. Ақша да жоқ болды. 4,5 миллион алдық. Банкке неше жылдан бері салып жатқан едік. Үйді аламыз деп үміттеніміз жүргенбіз. «Жақсы ақша табасыңдар» дегесін сол орынды алған едік», — деді әйел.
«Әйгілі айтыскер ақын 4 жыл бұрын базардан орын сатқан екен. Өзіміз ашып жатырмыз, 4-н алсаң бір место тегін деп сендірген. Көрші отырған Салида мен Серік 4,5 млн. тг. Балғынбектің қолына санап береді. Содан бері айтыскер ақын күнде ертеңмен тойдырып, базар да, ақша да жоқ деді Сарыағашта алдымнан шыққан 3 баланың анасы»,- деп жазды Гүлмира Әбықай.
Естеріңізге салсақ, Балғынбек Имашевтың ұлы Данияр Имашевқа алдандық деген бір топ адам шу шығарды. Ашулы топ туристік компанияның кеңсесіне басып кірген.
marjuka92 есімді Tik Tok қолданушысының сөзіне сенсек, qazaq_travel компаниясы қажылыққа бармақ болған бір топ адамды алдаған көрінеді.
”Ал, достар, 11 шағын аудан, 3/1 мекен жайында орналасқан qazaq_travel компаниясы адамдардың бәрін Умра алып кетеміз деп алдап, үш түгейлі жоқ. Жаңа полиция қызметкерлері барлығын алып кетті. Қызметкерлерінің айлығын да бермеген алаяқ болып шықты. Балғынбек Имашевтың баласы Имашев Данияр осы жерде отырады. Адамдардан миллиондап ақшаны жинап, үш түгейлі жоқ. Ең көбі 30 миллион алған. Біз сеніп келісімшарт жасасып жүрсек, бәрі қоқыста жатыр. Ақшаны қайтармайды. Полициядан да дым хабар жоқ. Әлеуметтік желілердегі парақшаларында әдейі пікір бөлімін жауып тастаған. Жаңа осы жерге біраз адам келіп, ақшаларын ала алмай жылап-жылап кетті. Сақ болыңыздар!”, — дейді ол.