Beeline «Жеңіл» жаңа тарифтік жоспарын іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Beeline «Жеңіл» жаңа тарифтік жоспарын іске қосты

Beeline «Жеңіл» жаңа тарифтік жоспарын іске қосты

«КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline бренді) Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Өскемен, Батыс Қазақстан, Қостанай және Тараз қалаларының тұрғындары үшін «Жеңіл» жаңа тарифтік жоспарын іске қосқанын хабарлайды.

  • 14 Шiлде 2011
  • 596
Фото - Caravan.kz

Жаңа тарифтік жоспар шарттары бойынша желі ішіндегі шығыс қоңыраулардың әрбір алғашқы екі минутының құны 15 теңгені құрайды. Мобильді байланыс пен қала нөмірлеріне қоңырау құны минутына 22 теңге мөлшерінде. SMS құны желі ішінде және Pathword нөмірлеріне — 7 теңге, ал, Актив/Кселл, Нео-ға — 15 теңге.

Тарифтік жоспардың абоненттік төлемі, қосу үшін төлемі жоқ. Секундтық тарифтендіру 1-секундтан бастап. «Жеңіл» тарифтік жоспарына ауысу үшін *550*05# сандарын теру қажет. Ауысу құны 200 теңге. Тарифтік жоспардың жарамдылық мерзімі 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Тарифтік жоспар туралы толығырақ мәліметті www.beeline.kz адресі бойынша орналасқан компания сайтынан білуге болады.

Барлық бағалар ҚҚС-мен қоса көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар