БЭК құрудың алдында сапалы дайындық жұмыстарын жүргізу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БЭК құрудың алдында сапалы дайындық жұмыстарын жүргізу керек

БЭК құрудың алдында сапалы дайындық жұмыстарын жүргізу керек

Кеден одағының елдері 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға дайындалуы керек.

  • 13 Шiлде 2011
  • 355
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Премьері Кәрім Мәсімов журналистерге Мәскеуде «Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке: бизнес мүдделері» тақырыбында өткен конференциясының қорытындысы бойынша мәлім етті.

Премьер өз сөзінде атап көрсеткендей, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру үрдісінің қарқынды жүріп жатқаны соншалық, бүгінде қабылданып жатқан шешімдерге кейде бизнестің өзі ілесе алмай қалып отыр.

«Бірнеше айдан кейін, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз мүлдем жаңа құқықтық кеңістікте өмір сүретін боламыз. Біз оған өзіміз дайын болуымыз керек, атап айтқанда, осы уақытқа дейін дербес қабылданып келген міндеттерді ортақ органдарға беріп отырған үкімет те, өзіне жасалып отырған жаңа мүмкіндіктерді қабылдауға тиіс бизнес те әзір болуы керек. Бұл — біртұтас бәсекелі саясат, тауарлардың, капиталдар мен жұмыс күштерінің еркін қозғалысы», деді премьер өз сөзінде.

«Бұл бұрын-соңды жасалмаған жаңа жағдайлар, және біз оған дайындалуымыз, түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек»,- деп түйіндеді өз сөзін К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар