Бэкхэмдер отбасында үш ұлдан кейін қыз дүниеге келді
Ағылшынның "Лос-Анджелес Гэлакси" әйгілі футбол клубының футболшысы Дэвид Бекхемнің жұбайы Виктория қыз босанды, деп бүгін "Спорт-Экспресс" газетінің сайты мәлімдеді. Лос-Анджелесте жексенбі күні кешкісін дүниеге келген нәрестеге Харпер Севен деген есім берілді. Дэвид пен Виктория Бекхэм 1999 жылы үйленген. Олардың 11 жасар Бруклин, 8 жасар Ромео және 5 жасар Круз деген үш ұлы бар. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін