"Бейәдеп сөздер айтып, күліп, ән салған": Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталғандардың қылмыстан кейінгі видеотіркегішке жазылған әрекеті көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 508.42
  • 580.72
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бейәдеп сөздер айтып, күліп, ән салған": Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталғандардың қылмыстан кейінгі видеотіркегішке жазылған әрекеті көрсетілді

"Бейәдеп сөздер айтып, күліп, ән салған": Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталғандардың қылмыстан кейінгі видеотіркегішке жазылған әрекеті көрсетілді

Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында оқиғадан кейін түсірілген видеотіркегіштен (видеорегистратордан) жаңа айғақтар ұсынылды. Жазбада күдіктілер Абзал Шынасыл мен Нұрқияс Ілиясовтың, сондай-ақ куәгерлер Дана Жақсыгельді мен Эльмира Нұрбекованың бейәдеп сөздер айтып, күліп, ән айтқан дауыстары жазылып қалған.

  • 29 Мамыр
  • 12
Stan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода бұған дейін өзін шок жағдайында болғанын мәлімдеген Эльмира Нұрбекованың төбелес туралы сабырлы түрде айтып отырғаны естіледі.

Ол:

«Бір ер адам қосауыз мылтық алып шықты. Бірақ біздікі емес. Қазір ол шет жақта жатыр. Бізге қару кезеді, кейін адамдар қаша бастады. Екеуі жерде жатыр», — деді.

Айыпталушылар мылтықтың Шерзаттың ағасы — Нұрқанат Ғайыпбаевқа тиесілі екенін алға тартуда.

Бұған дейін негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл оқиға орнында түсірілген видео жазба өңделіп жіберілуі мүмкін екенін айтқан болатын.