Жарияланды: 520

Бейәдеп суреттің үстіне ілінген мектеп формасының жарнамасы жұрттың ашуына тиді

Петропавлда мектеп формасын жарнамалайтын ерекше баннер пайда болды. Жартылай жалаңаш еркек пен әйел бейнеленген сурет баласына киім алуға келген ата-аналардың ашу-ызасын туғызды.

- Мұндай бізге жарамайды, қазақтарға ұят қой, балаларға тем более...        

«Мектеп киімі» деген жазудың астындағы мына суретте  бірінің үстіне бірі мінгескен жартылай жалаңаш жұп бейнеленіпті. Ал жазудың үстінде шынымен де мектеп жасындағы балалар киімді жарнамалап  тұр. Бірақ оның тым биік ілінгені сонша, суретті басын көтеріп қарап жатқан ешкім жоқ. Бәрінің  көзі жазу мен оның астындағы арсыз суретте. Дүкен иелерінің айтуынша, олардың  ескі жарнаманы алып тастауға қолдары тимей жатқан көрінеді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін