"Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті": Меруерт Түсіпбаева ДНҚ сараптамасын жасаған Бейбіт Қорғанның баласына қатысты бар шындықты айтты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 447.89
  • 476.78
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті": Меруерт Түсіпбаева ДНҚ сараптамасын жасаған Бейбіт Қорғанның баласына қатысты бар шындықты айтты

"Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті": Меруерт Түсіпбаева ДНҚ сараптамасын жасаған Бейбіт Қорғанның баласына қатысты бар шындықты айтты

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Бейбіт Қорғанның баласына қатысты дау таусылар емес.

  • 9 Ақпан
  • 17001
Фото - Caravan.kz

Әнші Меруерт Түсіпбаева даулы оқиға бүлдіршіннің болашағына балта шаппасын деп, алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлім етті. 

"Осы жазбаны жазар алдында көп ойландым, өзімде ұл өсіріп отырмын ғой…. Ер жігіттің басына нелер келіп кетпейді?!
Европаның екі қаласының ортасындағы уақыт бір сағат шамамен….Бағдарламаның ДНК тапсырған бөлімін көріп қалып , көңілім су сепкендей басылып ,жабырқау күйге түсіп ,құлазыдым ….Арнаның журналисттеріне рейтинг керек, ол түсінікті. Көрерменге шоу қажет… Басында келіскенімен , 5 жылдай уақыт өтіп, артынан түсініспеген , әйел мен еркектің жағдайы да белгілі …. Ал , бейкүнә сәбиді ойлаған жан бар ма?! Ол ер бала (?!) ертең есейеді ғой, мына дау-даумайды ютубтан қарап, намыстанып, қандай сезімде болады екен…. Біреуің баланың болашағын ойладыңдар ма?! Оның бетін ретуштамай, бажырайтын көрсетуге құқылы ма ересектер?! Этика қайда?! Ертең-ақ ержетеді бұл ботақан, өз отбасын құрады, құдай қаласа…

Сол кезде осы шу оның алдағы өміріне әсер етуі әбден мүмкін емес пе?! Ересектер неге сонша қатал болдық екен?! Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті….Канша ашулы болса да (оның баласы болмаса да) — бір кінәсіз , күнәсіз сәби ғой….. Өзі аурушаң екен…. Әкесіз өсіп жатыр екен… “Маған арман” деп соның әнін айтып, жүгіріп жүрген қазақтың бір баласы ғой 

#әрқазақменіңжалғызым Бағдарламаны қарап отырып, эххх… шіркін-ай, сол жерде баланы көтеріп алса ғой….. деген ой келді маған. Бірақ…. Еркектер басқаша ойлайды-ау шамасы. Қысқасы сол — әлі, өзі шешім қабылдай алмайтын сәбиден басқалары тек өзінің ЭГО- сын, комфортын ойлап отырған жайы бар сияқты. Ал білгенге, мұндай тәп-тәтті ботақан — талайларға арман! Аман бол, құлыншақ !!Адамдардың қатыгездігін кешіре ғой….Аса мейірімді Аллах жар болсын саған….", — деп жазды ол. 

Соңғы жаңалықтар