Бейбіт Шүменов чемпиондық белбеуін үш рет қорғамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Шүменов  чемпиондық белбеуін   үш рет қорғамақшы

Бейбіт Шүменов чемпиондық белбеуін үш рет қорғамақшы

Жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов өз чемпиондық белбеуін 3-рет қорғамақшы.

  • 24 Маусым 2011
  • 442
Фото - Caravan.kz

Бұл мақсатта ол америкалық Дэнни Сантьягомен қолғап түйістіреді. Кәсіпқой рингте 11 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында жеңілістің ащы дәмін татпаған жерлесіміздің бұл кездесуі 29 шілде күні Лас-Вегаста өтеді.

ФИФА Азия футбол конфедерациясының бұрынғы президенті Мұхаммед бин Хаммам және ФИФА-ның вице-президенті Джек Уорнердің жемқорлыққа қатысты екендігіне айнымас дәлелдер табылды. Осы уақытқа дейін  аталмыш мәселеге қатысты тергеу жұмысы жүргізілген болатын.

Тергеу нәтижесі бойынша берілген есепте Уорнер осы жылы Тринидадта жиын ұйымдастырып, бин Хаммам әр қатысушыға 40 мың доллардан ұсынған. Бұл 25 адамға катарлықты президенттік сайлауда қолдау үшін берілген қаржы. Оған қоса осыдан үш күн бұрын өз қызметінен кеткен Уорнер ФИФА басшылығында орын алған басқа да жемқорлық әрекеттің куәгері болып саналады.

Бразилияның “Сантосы” тартысты матчта Либертадорес кубогын қанжығаларына байлады. Соңғы рет осы жүлдені 47 жыл бұрын иеленген бразилиялықтар финалда Оңтүстік Американың ең маңызды футбол додасының  бес дүркін жеңімпазы Уругвайдың “Пеньяреолын” қапы қалдырды.

Бұл ойында тіркелген есеп — 2:1. Кейін “Сантостың” бас бапкері Муричи Рамальоның айтуынша, бұл жеңіс көп еңбектің жемісі болды. Сонымен қатаржаттықтырушы ойыншыларға зор алғысын білдірді, оның сөзіне футбол аңызына айналған Пеле де қосылды. “Сантос” сапындағы талантты ойыншылардың бірі шабуылшы Неймардың осы ойынға қосқан үлесі зор болды. Мадридтің “Реалына” кетуі болжанып жүрген жас аяқдопшы ойындағы алғашқы голды соққан болатын.

Астанада 1997-98 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан чемпионаты басталады.

Премьер лига және бірінші лига командалары арасында өтетін ел біріншілігінде «Астана», «Шахтер», «Қайрат», “Ақтөбе” және тағы басқа отандық клубтар екі топқа бөлініп, өзара матчтар өткізеді. 


“Уимблдон” корттарында өткен жарыс күнін көп уақытқа дейін тоқтамаған жаңбыр біраз кідіртті. Әсіресе әйелдер арасындағы матчтарда кортқа шыға алмай қалғандар да болды. Олардың арасында Франческа Скьявоне, Светлана Кузнецова және тағы басқалары бар.

Дегенментурнирдің бес дүркін жеңімпазы Винус Уильямс ешнәрсеге қарамастантәжірибелі қарсыласты жеңе білді. Жапондық Кимико Дате-Крумм осыдан 15 жыл бұрын жартылай финалда өнер көрсеткен. Үш  сағатқа жуық уақытқа созылған матчтың алғашқы сетінде 8:6 есебімен есе жіберген Винус кейін 6:3, 6:7 есебімен жеңісті жұлып әкетті. Ал Рафаэль Надаль осы маусымдағы үздік матчтарының бірін өткізді. Райан Свитингпен кездесуде испандық теннисші 6:2, 6:3, 6:4 нәтижесін көрсетті. Оның келесі қарсыласы Жиль Мюллер болмақ. Шабуылды керемет ұйымдастыра білген чех Томаш Бердых те 2-айналым матчын ойдағыдай өткізді. Француз Жульен Бенеттомен кездесуде тіркелген есеп чехтың пайдасына 6:1, 6:4, 6:2.

Уимблдонның жұптық сынында жарыс жолын бастаған қазақстандық теннисшілер Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.

Беделді бәсекенің былтырғы жеңімпаздары Шведова мен Ваниа Кинг Симона Халеп (Румыния)/Варвара Лепченко (АҚШ) жұбынан басым түссе, чех қызы Рената Вораковамен тізе қосқан Воскобоева британдық дуэт Наоми Броди/Эмили Веблей-Смитті тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар