Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап шықты

Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап шықты

Шілденің 23-і күні АҚШ-тың Калифорния штатының Лемур қаласында Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын сәтті қорғап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 26 Шiлде 2010
  • 461
Фото - Caravan.kz

Бейбіттің бұл жолғы қарсыласы 22 кездесу өткізіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының құрлықаралық чемпионы украиндық Вячеслав Узелков болған. Көптеген спорт мамандары бұл кездесуді аса тәжірибелі В. Узелковтың жеңісімен аяқталады деп болжам жасаған еді. Бұған дейін бірде-бір рет жеңіліс тауып көрмеген Вячеслав Бейбітті мойындауға мәжбүр болды. 12 раундық жекпе-жек 118:108, 118:108, және 117:109 есебімен Әлем чемпионының пайдасына шешілді. Бұл атақты ол қаңтардың 29-ы күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында испандық Габриель Кампильомен өткен қарымта кездесуде жеңіп алған болатын. Ал ол оны 2009 жылы маусымның 20-сы күні Аргентинаның Санта-Фе қаласында Уго Гараймен болған кездесуде иеленген еді.

1983 жылы тамыздың 19-ында дүниеге келген Бейбіттің бұл кәсіпқой бокстағы 10-шы жекпе-жегі болды. Қазіргі таңда оның қоржынында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының Азия-Тынық мұхит аймағының (WBO Asia Pacific), Бүкіләлемдік бокс кеңесінің Азия бокс кеңесінің (WBC Asian Boxing Council), Паназиялық бокс қауымдастығының (РАВА) чемпионы және Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының Әлем чемпионы белбеуі бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера