Жарияланды: 580

Бейіт басында тәркіленген балық

Атырауда жалпы құны 1 миллион теңге болатын бекірелерді толтыра тиеп алған көлік жүргізушісін тәртіп сақшылары жеті түнде қорым маңында ұстаған.

30 жастағы азаматтың сөзіне қарағанда, мұншама балықты ол браконьерлігімен аты шыққан Жанбай ауылынан алып келе жатыр екен. Жергілікті тұрғындардан сатып алдам депті. Айта кету керек, бұл ауылда қызыл балықтың бір келісін 800-900 теңгеге алуға болады. Ал қаладағы қара базарда бағасы 4 есеге дейін өседі. Егер осы көлік жүргізушісінің кінәсі дәлелденсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін