Бейнекамера алдында ұялмай, енесінің жағасына жармасқысы келетін келіндер бар – Гүлмира Әбіқай - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейнекамера алдында ұялмай, енесінің жағасына жармасқысы келетін келіндер бар – Гүлмира Әбіқай

Бейнекамера алдында ұялмай, енесінің жағасына жармасқысы келетін келіндер бар – Гүлмира Әбіқай

Белгілі тележурналист, қазір КТК телеарнасында «Дау-дамайсыз» бағдарламасымен қалың көрерменнің ықыласына бөленіп жүрген Гүлмира Әбіқай дау-дамайға жақын жүретін адамдарға қайран қалған. Яғни ол бейнекамера алдында ұялмай, біреумен бет жыртысуға дейін баратындарды түсіне алмай отыр.

  • 28 Қараша 2017
  • 9463
Фото - Caravan.kz

Гүлмира Әбіқай бұл туралы ойын Фейсбуктегі парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Caravan.kz.

Гүлмира Әбіқай. Фото Фейсбуктегі жеке парақшасынан алындыГүлмира Әбіқай. Фото Фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды

«Отбасында бес қыз. Анасы мен үлкен әпкесі қайтыс болады. Енді бес қыз анасынан қалған бір бөлмелі пәтерге таласуда. Сатамыз, сатпаймыз деп бір мәмілеге келе алмаған бес әпкелі-сіңлілі кеше сойқан салып, бір-бірін ұрып тастаған. Осыны жерден жеті қоян тапқандай редакцияға хабарлаған кенжесі «Қажет болса камерадан ұялмай төбелесеміз. Мені әпкелерім жабылып ұрып кете береді» дейді» деп жазады журналист.

Аталған бағдарламалар хабарласушылар арасында тіпті енесінің жағасына жармасудан тайынбайтындар да бар екен. Бір келіншек сондай ойын хатқа жазған.


«Мен келін болып түскен үйді жөндеу үшін өз атыма несие алдым. Одан кейін қайным үйленді. Біз бөлек шығып, затымыздың бәрі сонда қалды. Соларды соны енем бермей отыр. Әрі несиенің 10 айын төледі де, басқасын төлемей қойды. Мен сотқа беремін, төбелесемін! "Дау-дамайсыз" бағдарламасы келсе, ұялмай енемнің жағасынан аламын» депті ол.

Талай таласты көрген тележурналист осындай мазмұндағы хаттардың иелеріне налып отыр. Сөйткен ол отбасындағы кикілжіңдерге араласпайтынын ашып айтқан.