Бейресми ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, Шымкентте қаңғыбастар мен нашақорлардан қан алу тәжірибесі белең алған - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейресми ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, Шымкентте қаңғыбастар мен нашақорлардан қан алу тәжірибесі белең алған

Бейресми ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, Шымкентте қаңғыбастар мен нашақорлардан қан алу тәжірибесі белең алған

ШЫМКЕНТ. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бейресми ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, Шымкентте қаңғыбастар мен нашақорлардан қан алу тәжірибесі белең алған.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 646
Фото - Caravan.kz

«Бізге мәлім төрт нашақордың тұрақты қан тапсыратынын нақты білемін. Олардың бірі — ВИЧ індетін жұқтырған»,- деп мәлімдеді кеше бейресми ұйымдардың ұйымдастыруымен ВИЧ індетінің таралу дерегі бойынша өткізілген «дөңгелек үстелде» нашақорлар мен ВИЧ індетін жұқтырғандардың проблемасымен шұғылданатын «Сенімді тірек» бейресми ұйымының жетекшісі Валентина Скрябина.

Сонымен бірге В.Скрябинаның айтуынша, оның қолында баспанасы жоқ қаңғыбас адамдардан қан жинап, оны қан орталығында қаннан мұқтаждық көріп отырғандарға сататын жандардың бар екенін дәлелдейтін нақты мәліметтер бар. «Олар қаңғыбастарға 800 теңге төлейді,- деді В.Скрябина. — Менің үйімнің жанында осындай екі қаңғыбас бар, олар ақша табу үшін жиі қан тапсырады».

«Оралман» деп аталатын бейресми ұйымның жетекшісі Зулойхо Султонованың айтуына қарағанда, ол 2004-жылы қанжыға саудамен шұғылданып Өзбекстанға жиі қатынап тұрған, сол кезде көршілес республикадан сату үшін Қазақстанға қан әкелу деректеріне куәгер болыпты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығы бас дәрігерінің орынбасары Корчи Курбанов бұған жауап ретінде былай деп мәлімдеді: «бізде донор қаны Өзбекстандағыдан алты есе қымбат тұратындықтан, мұндай дерекке таңырқауға болмайды. Сұраныс бар жерде ұсыныс болатыны да заңды»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта