Бейресми ұйымдардың коалициясы шикізат өндіру саласындағы ашықтық туралы бастаманы жүзеге асыруға қатысты алаңдаушылық білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейресми ұйымдардың коалициясы шикізат өндіру саласындағы ашықтық туралы бастаманы жүзеге асыруға қатысты алаңдаушылық білдіреді

Бейресми ұйымдардың коалициясы шикізат өндіру саласындағы ашықтық туралы бастаманы жүзеге асыруға қатысты алаңдаушылық білдіреді

АЛМАТЫ. 5-желтоқсан.Kazakhstan Today. Бейресми ұйымдардың "Мұнайдан түскен кірісті қоғамның бақылауына алайық!" атты коалициясы шикізат өндіру саласындағы ашықтық туралы бастаманың (EITI) Қазақстанда жүзеге асатындығына алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы "EITI бастамасын жүзеге асыруды бағалау" атты баспасөз мәслихатында кеше коалиция өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Қазірде біздің коалицияның алаңдаушылығын тудырған кейбір күрделі проблемалардың беті ашылып отыр»,- деді EITI бастамасын Қазақстанда жүзеге асыру жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Мәлік Исабеков. «Ашықтық жөніндегі бастамаға бірігетінін жариялаған Қазақстан оны іске асыруда шатқаяқтап ілгері жылжи алмай қалды»,- деді ол.

Мәселен, бейресми ұйымның ақпаратына сәйкес, «Теңізшевройл» ЖШС, «Agip КСО» сынды ірі компаниялар ашықтық жөніндегі бастамаға бірікті. Сонымен бірге баспасөз мәслихатына қатысушылардың хабарлауынша, 2007-жылға арналған республикалық бюджетте EITI бастамсын жүзеге асыруға арнплған шығындап статьясы қарастырылмаған. «Үкімет бастаманы жүзеге асыруға қатысты барлық шығындарды, түрлі бас қосулар өткізу, тәуелсіз аудит жүргізу секілді шараларды қаржфландфырады деп межеленген-тұғын. Бірақ әзірге ресми бюджетте мұндай шығындар қарастырылмаған»,- деді М.Исабеков.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Республика үкімет басшысының орынбасары Кәрім Мәсімовтың АҚШ-тың Вашингтон қаласына екі күндік сапары аясында Қазақстан мен Әлемдік банк өзара түсіністік және шикізат өндіруші саладағы іс-қызметтің ашықтығы туралы меморандумдарға қол қойды. Қазақстан шикізат өндіруші саладағы ашықтық туралы бастамаға қатысушы елдердің тобына 2005-жылдың қазан айында қосылған. Қазір бастамаға Қазақстанда жұмыс істейтін 46 компания бірікті. Тағы 166 кәсіпорынға үкімет бастамаға қатысу туралы ұсыныс жасады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта