Естеріңізге сала кетейік, 19 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14:50-де Ливан астанасының Ашрафие ауданындағы христиан кварталдарының бірінде жарылыс орын алды.
«Ресми мәліметтерге сәйкес, жол бойында тұрған автокөлікте орналастырылған тротил эквиваленті бойынша 30 килограмм жарылғыш заттарды жару арқылы іске асырылған. Оның нәтижесінде 8 адам қаза тауып, 94 адам жарақат алған. Қаза тапқандар немесе жарақат алғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ», — деді А. Әбибуллаев.