Өкімет орындары екі жарылысты да жанкештілер жасады деп пайымдауда. Би-би-си-дің атап өтуінше, жарылыстар негізінен шиіттер тұратын және «Хезболла» қозғалысының маңызды тірек пункті ауданында болған. Осында палестиналық босқындар лагері де бар.
«Хезболла» президент Башар Асад жағында белсенді қатысып отырған Сириядағы жанжалдың өршуі соңғы кездері Ливанда жарылыстардың болуына әкеп соғып отыр.