Естеріңізге салсақ, Stan.kz ақпараттық агенттігі журналистер күніне орай ең үздік қазақтілді тележүргізушіні таңдауды ұсынған. Сауалнаманың нәтижесі бойынша Бейсен Құранбек ең көп дауыс жинап, бірінші орынға шықса, алғашқы үштікке Бейсен мырзадан бөлек Ләйлә Сұлтанқызы мен Гүлнәз Әлімгерей ілінді.
Оқырмандарымыз дауыс беріп ғана қоймай, журналистер туралы жақсы ой-пікірлерін білдірген. Мысалға «ойы жүйрік, қиялы ұшқыр, мұраты асыл, сөзінің мəйегі бар Бейсен Құранбекке ешкім жетпейді», «Бейсен Құранбек жақсы жүргізуші ғана емес жақсы психолог. Алдында отырған адамды жақсы түсінеді əрі бағыт бағдар беріп отырады», «Бейсен бауырым сөйлегенде майын тамызып, мәйегін тұсіред-ау риза болып отырамын. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дейді атам қазақ аман-есен болғай ИншАллаһ», «Журналистика саласының бетке ұстар азаматының бірі – Бейсен Құранбек аға. Неге десеңіз, өз ісінің шебері, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын шынайы жеткізуші, әрқашанда халқым деп шырылдап жүрген мықты үлгі тұтарлық азамат» деген пікірлер саны артып жатыр.
Бұл жазбаларға қарап, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп жүрген Бейсен Құранбектің халыққа шынымен көмегі тиіп жатқанын көреміз.
Сонымен қатар оқырмандар біз ұсынған үздік ондықтан бөлек өз нұсқаларын атауда. Олардың қатарына «Қазақстан» телеарнасының «Мәселе» бағдарламасының жүргізушісі Нартай Аралбай, аталған арнаның жаңалықтар жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы, «КТК» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Дина Төлепберген.
Үздік журналистер қатарынан тағы кімдерді көргілеріңіз келеді?
Оқи отырыңыз:
Орамалсыз өткен беташар көптің ашуын тудырды
Головкин: Альварестің денесінен ине іздерін көрдім, ол допинг қолданған
Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына қаржы бөлді