"Бейшара": Сапарбаевтың қарамағындағыларға айтқан сөзі халықтың жағасын ұстатты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бейшара": Сапарбаевтың қарамағындағыларға айтқан сөзі халықтың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

"Бейшара": Сапарбаевтың қарамағындағыларға айтқан сөзі халықтың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Блогердің иті өлген оқиғада дауға қалған әкім тағы да көпшіліктің сынына ілікті. 

  • 3 Наурыз 2022
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zhasulan.abdihalyk-тың парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеода Бердібек Сапарбаевтың қарамағындағыларды ашумен сөккені көрініп тұр. 

"Жетпіске келген әкімнің аузынан жөн сөз шықпайтын болды. Өткен жолы ғана "иттерден неге сұрамайсыңдар, олар қаба ма қаппай ма" деп бір масқара болған еді..
Бұл жолы бүкіл елдің көзінше білдей аудан әкімін "бейшара" деді. Алжыған шығар деп айтуға ауыз бармайды. Алайда ақсақалдың айтар сөзі бұл емес. Мемлекеттік қызметкердің этикасын былай қойғанда, адами тұрғыдан дұрыс емес. Қарамағындағы кадрдің намысына тию, қорлау! Ашуың келсе оңаша кабинетте боқта, ұрыс, сойып ал. Бірақ, журналистер қатысқан ашық жиында мұндай сөз айту әбден есіргеннің белгісі. Мен білетін Алихан Балқыбеков "бейшара" емес. Осы облыстың отымен кіріп күлімен шығып жүрген еңбекқор азамат! Ұл өсіріп, қыз ұзатып отырған үлгілі отағасы! Бүкіл елдің алдында бұлай қорлауға болмайды!
Сондықтан Сапарбаев, артық айтқан сөзі үшін аудан әкімінен кешірім сұрауы керек!
Ал, осы видеоны қадағаламай көпшілікке шығарып жіберген пресслужбасын пісіріп жесе де өзі білсін. Қанша рет айтып келемін, Сапарбаевты айналасындағылар қартайған шағында жұртқа жексұрын етіп бітетін болды", деп жазды. 

"Баяғыды Мирзияев бір облыстп əкім боп тұрғанда мақта жоспарын орындамаған аудан əкімдері мен совхоз директорларын боқтап, жатқызып қойып тепкілейді екен. Сапарбаев та сол заманның қысымын көріп күріш үшін талай құқайды көрген болса, тазы ашуын тырнадан алады дегендей əрекеті болар.))", "Мына сөздің жанында Епт…жақсы екен ғой", "Мемлекеттік қызметке өтетін тест тапсырғанда сол сұрақтар келеді. Ар-намыс кодексінде келтірілген этиканы сақтамаған. Әдепсіздік болған екен. Қайтадан өткізу керек тесттен", деген пікір қалдырды оқырмандар.


 

Жетпіске келген әкімнің аузынан жөн сөз шықпайтын болды. Өткен жолы ғана "иттерден неге сұрамайсыңдар, олар қаба ма қаппай ма" деп бір масқара болған еді.. Бұл жолы бүкіл елдің көзінше білдей аудан әкімін "бейшара" деді. Алжыған шығар деп айтуға ауыз бармайды. Алайда ақсақалдың айтар сөзі бұл емес. Мемлекеттік қызметкердің этикасын былай қойғанда, адами тұрғыдан дұрыс емес. Қарамағындағы кадрдің намысына тию, қорлау! Ашуың келсе оңаша кабинетте боқта, ұрыс, сойып ал. Бірақ, журналистер қатысқан ашық жиында мұндай сөз айту әбден есіргеннің белгісі. Мен білетін Алихан Балқыбеков "бейшара" емес. Осы облыстың отымен кіріп күлімен шығып жүрген еңбекқор азамат! Ұл өсіріп, қыз ұзатып отырған үлгілі отағасы! Бүкіл елдің алдында бұлай қорлауға болмайды! Сондықтан Сапарбаев, артық айтқан сөзі үшін аудан әкімінен кешірім сұрауы керек! Ал, осы видеоны қадағаламай көпшілікке шығарып жіберген пресслужбасын пісіріп жесе де өзі білсін. Қанша рет айтып келемін, Сапарбаевты айналасындағылар қартайған шағында жұртқа жексұрын етіп бітетін болды. #идеологиясы_өлген_өңір #айтылған_сөз_атылған_оқ #абырой_барда_кетуі_керек

Posted by Zhasulan Abdihalyk on Thursday, March 3, 2022

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әкімнің өлген ит үшін де қарамағындағыларды сөккені туралы жазған болатынбыз. 

«Бәрін атыңдар, қырыңдар деген жоқ қой»: Бердібек Сапарбаев блогердің өлген иті үшін қарамағындағыларға сыртқа шығып ұрысты