Бейжің: Қазақстанның шорт-трек құрамасы Азия Кубогында 5 қола қанжығалады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжің: Қазақстанның шорт-трек құрамасы Азия Кубогында 5 қола қанжығалады

Бейжің: Қазақстанның шорт-трек құрамасы Азия Кубогында 5 қола қанжығалады

Қазақстан құрамасы 1-3 сәуірдің аралығында Бейжіңде шорт-тректен өткен Азия кубогында 5 қола медаль иеленді.

  • 5 Сәуiр 2011
  • 657
Фото - Caravan.kz

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Қытай, Корея, Жапония, Гонконг, Үндістан және Малайзия елдерінен жеті команда қатысты.

1 сәуір күні болған жарыста Қазақстан құрамасының қоржынына Мария Зинченко, Дарья Гончарова және Ольга Тихоновалар 2000 метрлік эстафетада бірінші «қоланы» салса, 2 сәуір күні қоржын тағы төрт қоламен толықты: Федор Андреев, Ринат Маженов, Данабек Хаиров, Дарья Волокитина, Анастасия Кузнецова және Ксения Мотова сынды жас спортшылар эстафета жарыстарында екі «қола» иеленді.

Ал 500 метрге жеке жарыстарда жасөспірімдер арасында Дарья Волокотина, ерлер арасында Артур Сұлтанғалиев мәре сызығын үшінші болып кесті.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Леонид Ли: «Біз бұған дейін Азия кубогында мұншалықты медаль алған емеспіз. Бірақ бұл жолы біз жаман өнер көрсеткен жоқпыз. Жеке жарыстарда да алғаш рет қанжығамыз майланып отыр, сондықтан маусымды жақсы нәтижемен аяқтаудамыз», — деді.

Команданы Азия чемпионаты бас жаттықтырушы Мәдіғали Қарсыбеков, халықаралық санаттағы спорт шеберлері Николай Федоренко мен Жасұлан Мұхамбетқалиевтер дайындады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера